Нұр-Сұлтанда Алаш тас жолы бойындағы көпір құлады

730

Көпірдің сол жақ бөлігі ғана жабылды.

Нұр-Сұлтанда Алаш тас жолы бойындағы көпір құлады

Елорданың Алаш тас жолы бойындағы "бүкір көпір" аталып кеткен көпірдің бір жақ шеті опырылып құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайдар департаментінің мәліметіше, көпірдің құлағаны туралы ақпарат бүгін таңертеңгі сағат 04-50-те түскен. Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін ТЖД мамандары аттанған. Нәтижесінде "ҚазақЖолҚұрылыс" ЖШС-ның көпірді бөлшектеу жұмыстары барысында темір-бетон арқалықтың темір жолдың үстіне құлағаны анықталған.

"Оқиға орнында жолды тазалау, көпірді бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пойыз қозғалысында іркіліс жоқ. Көпір үстімен көліктердің жүруіне тек сол жақ бөлігі ғана жабылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтеді департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу