Нұр-Сұлтанда алдағы мерекелерге орай жәрмеңкелер өтеді

840

Өнімдер өндірушілердің бағасымен сатылады.

Нұр-Сұлтанда алдағы мерекелерге орай жәрмеңкелер өтеді

Тәуелсіздік күніне орай 14-17 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда мерекелік демалыс күндеріне орай ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеге Оңтүстік аймақтардан жеміс-көкөніс өнімдері, Қарағанды, Ақмола облыстары өндірушілерінің сүт өнімдері, сиыр, жылқы және құс еті жеткізіледі. Ал Шығыс Қазақстан облысынан балық өнімдері және Павлодар облысынан картоп әкелінеді, өнімдер өндірушілердің бағасымен сатылады.

Қысқы жәрмеңкелер "Ұлжан", "Көк базар", "Шапағат" базарлары, Сауран көшесі, 7 мекенжайында және "Смолл", "Магнум Cash және Carry" супермаркеттерінде өтеді.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың 23 қарашасынан бастап қыстың соңына дейін апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері Ш.Уәлиханов және Ағыбай батыр көшелерінің қиылысындағы "Зейд" сауда үйінде, сондай-ақ Қошқарбаев, 37 мекенжайы бойынша орналасқан "Аспан Базар" сауда орталығында ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтуде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу