Нұр-Сұлтанда алғаш рет су добынан Ресей чемпионатының кездесуі өтеді

825

Турнир тарихында алғаш рет матч Қазақстан астанасында ұйымдастырылмақ. 

Нұр-Сұлтанда алғаш рет су добынан Ресей чемпионатының кездесуі өтеді

7-8 ақпан күні Нұр-Сұлтанда су добынан ерлер командасы арасындағы Ресей ашық чемпионатының кезекті туры өтеді. Olympic.kz сайтына сұхбат берген су спорты түрлері Федерациясының бас хатшысы Сергей Дроздов алдағы жарыс туралы пікір білдіріп, команда алдындағы басты мақсаттарды атады.

"Ресей су спорты түрлері федерациясы және "Спартак Волгоград" клубымен келісе отырып, он бірінші тур ойынын Қазақстанда өткізуді жөн көрдік. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан командасы ақпан айында өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындалуда. Спортшылар бабына еніп, жақсы дайындық жасауы үшін "Спартак Волгоград" клубын арнайы шақырттық. Олар Ресей біріншілігінде ғана емес, Еуропадағы үздік командалардың бірі. Бұл клуб ойыншылары біздің командаға жақсы қарсылас атанары сөзсіз.  Біз мұндай турнирдің елімізде өтетіні үшін қуаныштымыз. Бұл Қазақстандағы су добын дамытуға үлес қосады. Сондай-ақ, көптеген жанкүйерлер үшін спортшылардың ойынын тамашалау үлкен қуаныш. Кездесулер 7-8 ақпан күндері "Барыс-аренада" өтеді. Бүгінде біздің спортшылар Нұр-Сұлтан қаласына келіп, бассейнді жаттығуды бастап кетті. 3 ақпан күні қарсылас команда ойыншылары келеді", - дейді бас хатшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу