Нұр-Сұлтанда алиментке қарыз 15 000 адам тіркелді

940

2021 жылғы 12 тамызда онлайн форматта алимент төлемдері бойынша жұмыссыз  борышкерлерді жұмысқа орналасуға жәрдем беру мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтанда алиментке қарыз  15 000 адам тіркелді

Ұйымдастырушылар – Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті (әрі қарай – Департамент), Халықты  жұмыспен қамту орталығы және Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы (әрі қарай – Өңірлік палата) болып табылады.

 70-ке жуық борышкерге бухгалтер, менеджер, оператор, заңгер, күзетші, жүргізуші, инженер, дәрігер, сарапшы, құрылысшы, экономист сияқты бос орындар ұсынылды.

Жалақысы 80 000-нан 250 000 теңгеге дейін жететін бос жұмыс орындарын "Байбатыр күзет" ЖШС, "Apple city corps" ЖШС, "Завод очистных сооружений" ЖШС, "Sas security service" ЖШС, "Астана қалалық жарық" ЖШС, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы сияқты жұмыс берушілер ұсынды.

Өңірлік палата ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "алимент" санатында 15 000-ға жуық атқарушылық құжаттар бар, оның 8 500 мерзімді орындауда екенін Департамент басшысы Азамат Бердыбеков атап өтті.

Ағымдағы жылдың соңына дейін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін тағы бірнеше рет өткізу жоспарда бар.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу