Нұр-Сұлтанда "Алын алқа" мен "Күміс алқа" алған 8 мыңға жуық ана тұрады

1300

Қазақстанда "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған 235 мыңнан астам көпбалалы ана бар.

Нұр-Сұлтанда "Алын алқа" мен "Күміс алқа" алған 8 мыңға жуық ана тұрады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысқан көпбалалы аналар "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында тұрғын үй жағдайын жақсарту, жалпы білім беру қоры аясындағы қолдау, санаториялық-курорттық емдеу, медициналық қызмет көрсету, соның ішінде стоматологиялық қызмет көрсету және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын алу туралы сұрақтар қойды.

Сол жерде консультация мен барлық сұрақтар бойынша түсініктеме берілді. Еңбек министрлігінің басшылары ведомство құзыретіне кіретін мәселелерді шешуді жеке бақылауға алды.

Әкімдіктердің мәліметінше, 2019 жылы 287 мың бала мектептерде тегін тамақпен, 553 мың адам тегін жол жүрумен, 219 мың оқушы мектеп формасымен және керек-жарақтармен, 30 мыңға жуық бала балабақшаларда орынмен қамтамасыз етіледі, 186 мың бала лагерьге жолдама алады, 460 мыңнан астам адам бір жолғы көмек алады, 5 мың АӘК алушы жұмыспен қамтылады, 5 мың адам тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартады. Жалпы әлеуметтік көмектің барлық түрлерімен 83,1 млрд теңгеге 821 мың адамды қамту жоспарлануда.

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған 235 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның 4787-сі Нұр-Сұлтанда тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу