Кинофестивальдің мақсаты – қазақ анимациясының дамуына ықпал ету және жас дарындарға қолдау көрсету. Шара аясында көпшілікке анимациялық киностудиялардың көрмесі таныстырылды, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында..
Ámen Animation film festival қоржынына 80-нен астам өтінім түсіп, байқауға оның 51-і іріктеліп алынған.
Шараға "Dala animation", "САҚ" киностудиясы, "Ara studio", "Anyz film", "Rio animation", "Qazart", "Astana film", "Glen" анимациялық академиясы және "Qgoo" графикалық оқыту орталығы қатысты. Шара барысында сондай-ақ белгілі тақырыптар бойынша комикстер байқауы да өткізілді.
Үміткерлер "Үздік кәсіби анимациялық фильм", "Үздік режиссерлік жұмыс", "Үздік сценарий", "Үздік қоюшы суретші", "Үздік студенттік жұмыс", "Үздік мультхикая", "Әділқазылар жүлдесі", "Көрермен көзайымы", "Үздік комикс" номинациялары бойынша марапатталды.