Нұр-Сұлтанда апатты күйдегі спорт кешені жөнделді

813

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында апатты жағдайда тұрған спорт кешенінің жөндеуден өтіп, қайта ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда апатты күйдегі спорт кешені жөнделді

"Халық санының өсуі мен әлеуметтік нысандарға мұқтаждықты ескере отырып, жаңа әлеуметтік құрылыс салу ғана емес, сонымен бірге қолда бар ғимараттарды жөндеп, жай-күйін бақылап отыру керек. Бүгін бірқатар жөнделген спорт нысандарын араладым.

Мысалы, Толқын спорт кешенінде балалар су спорт түрлерімен айналысады. Бірақ ғимарат апатты жағдайда болып, спорт кешені толық жұмыс істемеген. Ғимарат 20 жыл бұрын салынған, осы уақыт ішінде күрделі жөндеу жүргізілмеген.
Негізгі проблемалардың бірі шатырынан – су кетіп тұрған. Бөлмелер суық, ал қабырғалардың сылағы құлап жатты. Қазір қиындықтарының бәрі шешілді, оның ішінде - ц бөлмелердегі ауа айналымы да жақсарды. Құрылыс салушыға ғимараттың қасбеті мәселесін пысықтауды тапсырдым.

Кешенге спорт жабдықтары қосымша сатып алынды. Енді балалар ыңғайлы жағдайда дайындала алады. Бұл бізді қатты қуантарлық жағдайдың бірі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру, бұқаралық спортты көпшілікке тарату және балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына қажет жағдай жасау үшін жұмыс істейміз. Өйткені, денсаулықты күту және салауатты өмір салтына бейімделу ерте жастан басталуы керек.

Өткен жылы 150 аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттанды, онда спортпен айналысуға арналған арнайы орындар қарастырылды. Биыл осы жұмысты ары қарай да жалғастырамыз", - деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу