Нұр-Сұлтанда апатты үйлерден 250 отбасы көшіріледі

889

Елордада 200 ескі үй бар.

Нұр-Сұлтанда апатты үйлерден 250 отбасы көшіріледі Фото: astana.gov.kz

Биыл елордада апатты үйлерде тұрып жатқан 250 отбасы көшіріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол астанадағы өзекті мәселенің бірі апатты жағдайда тұрған ескі үйлер екенін атап өтті.

"Елордада 200 ескі үй бар. Олар апатты жағдай тұр. 2020 жылы апатты үйлерден 400 отбасы көшірілді. Биыл біз 250 отбасыны көшіруді жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр", - деді Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу