Нұр-Сұлтанда араққа салынып, нашақор болып кеткен 50-ден аса ата-ана тіркелді

853

Өткен жылы қамқоршылық және қорғаншылық органдары тексерістерден кейін кәмелет жасқа толмаған 4 баланы балалар үйіне тапсырған.

Нұр-Сұлтанда араққа салынып, нашақор болып кеткен 50-ден аса ата-ана тіркелді

Бауыр еті баласына жауапкершілікпен қарайтын ата-ана азайды. Бір ғана Нұр-Сұлтанда өз перзентінің өміріне немқұрайлы қараған 50 шақты әке мен шеше, енді ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елордалық полициялар жыл басынан бері осындай отбасыларға 15 рейд жүргізіпті. Нәтижесінде, жағдайы төмен 55 отбасыны анықталған. Отбасында ата-аналардың дені араққа салынып немесе нашақор болып кеткен.

"Егер де әуестік туралы сұрақ туындаса, біз бірден оны емдеу және әуестіктен арылтатын орталыққа жібереміз. Жалпы, полиция ата-ананы құқығынан айыруды көздемейді. Біз үшін басты мақсат – отбасыға, бала тәрбиесіне көмектесу", – дейді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Сарыарқа аудандық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Нэлли Дощанова.

Өткен жылы қамқоршылық және қорғаншылық органдары тексерістерден кейін кәмелет жасқа толмаған 4 баланы балалар үйіне тапсырған. Сондай-ақ, қолындағы нәрестелерінің жағдайын жасай алмаған 15 жалғызбасты ананы өз тізіміне енгізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу