Нұр-Сұлтанда ардагерлерге 1 млн теңге берілмек

1476

Қаржы 18 соғыс ардагеріне беріледі. 

Нұр-Сұлтанда ардагерлерге 1 млн теңге берілмек

Елордада Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 млн теңге беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Нұр-Сұлтан мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №221/25-VI шешімімен бекітілген қалада әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына сәйкес Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 67 айлық есептік көрсеткіш (205 мың 221 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Биыл Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 800 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр, Осылайша, 18 адамға 1 млн 5 мың 221 теңге төленеді", – деп жазылған Жеңіс күніне орай ардагерлерге 800 мың теңге қосымша төлем төлеу туралы мәслихат шешімінің жобасының түсіндірме жазбасында.

Бұл бюджеттен 14,4 млн теңге көлемінде қосымша қаржы бөлуді талап етеді. 

"Бұл жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді", – деп жазылған құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу