Нұр-Сұлтанда ашық аспан астындағы әскери техника музейі ашылады

1461

Музейге Екінші дүниежүзілік соғыс пен соғыстан кейінгі жылдардағы әскери техникалардың үлгілері қойылады.

Нұр-Сұлтанда ашық аспан астындағы әскери техника музейі ашылады

Нұр-Сұлтан қаласында Отан қорғаушы күні қарсаңында ашық аспан астындағы әскери техника музейі ашылады, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Елордада қорғаныс министрінің тапсырмасымен Отан қорғаушы күнін және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 74 жылдығын атап өтуге дайындық аясында Ұлттық әскери-патриоттық орталық аумағында ашық аспан астындағы әскери техника музейі ашылады. Орталықтың алаңына артиллериялық қондырғылар, авиация, бронетанкілік техникалар секілді әскери техникалар мен қару-жарақтың заманауи үлгілері, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс пен соғыстан кейінгі жылдардағы әскери техникалардың үлгілері қойылады", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Ашық аспан астындағы әскери техника музейі астаналықтар мен қала қонақтарына отандық қару-жарақ тарихымен танысу, әскери техникаларды өз көзімен көруге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу