Нұр-Сұлтанда ашық ауадағы атракциондардың жұмысына тыйым салынды

828

Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы  

Нұр-Сұлтанда ашық ауадағы атракциондардың жұмысына тыйым салынды

Жаңа құжатта жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салынатыны айтылған. Мұндай шараларды тек онлайн форматта өтізкуге ғана болады.

Сондай-ақ, саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түріне жұмыс істеуге тыйым салынып отыр.

"Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін театрлардың, филармониялардың жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру қажет", - деп жазылған қаулыда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу