Нұр-Сұлтанда ат үстінде садақ атудан әлем чемпионаты өтуде

2057

Елордадағы этноойындар қызып жатыр.

Нұр-Сұлтанда ат үстінде садақ атудан әлем чемпионаты өтуде

Ат үстінде садақ атудан бірінші әлем чемпионатына 24 садақшы қатысуда. Қазақта күресу, садақ ату, ат құлағында ойнау "жігіттің үш ойыны" саналады. Бірақ өзге мемлекеттер үшін де бұл қасиет жат емес екен. Сайыстың алғашқы қорытындысы бойынша қазақстандықтар мен румындардың мысы басым болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған дейін халықаралық дәрежеде өткен жарыс әлем деңгейіне көтерілген. Қатысушылардың да қарымы арта түскендей. 

"Осы ат үстінде садақ атумен дәстүрлі түрде, тұрақты түрде айналысып жатқан Оңтүстік Корея мемлекетінің садақшылары және румын спортшылары, Түркия спортшылары жақсы өнер көрсетуде. Ұлттық құрама командадан 6 спортшы қатысып отыр. 6 спортшының аяқ алысы жаман емес" , - дейді жамбы ату спортынан бас төрешінің орынбасары Нұркен Байбөриев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу