Нұр-Сұлтанда ата-аналарға 8,5 мың сертификат таратылды

989

Елордада аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балаларға мектеп керек-жарақтарын сатып алуға арнайы сертификаттар беру басталған болатын.

Нұр-Сұлтанда ата-аналарға 8,5 мың сертификат таратылды

"Үш күн ішінде ата-аналарға 8500 сертификат берілді",– деп хабарланды әкімдіктің сайтында.

20 тамыздан беріле бастаған оның 1548-і мектеп формасына, мектепке қажет керек-жарақтарға алмастырылған.

Аталған көмекті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары; жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен болатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмаған отбасылардың балалары; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тұратын балалар; төтенше жағдай нәтижесінде жедел көмекке зәру отбасылардың балалары; білім  ұйымының алқалық басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің басқа да санаттары алуға құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу