Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласы бағдарларының жүру кестесі өзгерді. Енді автобустар сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін жүреді. Бұған дейін сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қатынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
ТЖ-дан кейін қозғалысқа рұқсат етілген алғашқы күні (12 мамыр) жолаушылар ағыны 146 907 адам болды. Оның ішінде 2 787-і – оқушылар, 36 884-і – жеңілдігі бар азаматтар. 13 мамыр күні жолаушылар ағыны – 205 295 адамға жетті.
Карантинге дейін жолаушылар ағыны 762 мыңды құраған еді. Қазір линияға қалалық бағдарлар шықты.
Екініші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар ашылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу