Нұр-Сұлтанда автокөлік өртенді

831

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  

Нұр-Сұлтанда автокөлік өртенді

Елордада Audi маркалы машина өртенді, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.

19 ақпан күні сағат 17:55-те Нұр-Сұлтан қаласы өрт сөндіру қызметінің пультіне Республика және Кенесары көшелерінің қиылысында автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде Audi маркалы автокөлік жанып жатқан. Жедел іс-қимыл арқылы өрт 18:06-да тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу