20-21 маусымда Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция өтуде. Жұмыс аясында адам көп жиналатын орындардың барлығы қамтылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Қалалық қызметтермен автобустарда, автобус паркі ғимараттарында да дезинфекция жүргізілді.
Бұл күндері – 20-21 маусымда қоғамдық көліктер тоқтатылды. 22 маусымнан бастап қалалық және қала маңындағы маршруттардың қозғалысы қайта басталады. Экспресс маршруттардың жұмысы туралы ақпарат қосымша
ұсынылады.
"Бағдарларды күнделікті дезинфекциялау жалғасатынын, жүргізушілер соңғы аялдама орындарында дымқыл тазалау жүргізетінін хабарлаймыз. Маска тағу режимін сақтауды ұмытпаңыз – автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Автобусқа отыру тек алдыңғы есік арқылы жүргізіледі. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады", – деп жазылған хабарламада.