Қалалық "Вечерняя Астана" басылымының хабарлауынша, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бұл жұмысты таяу уақытта аяқтауға ниетті. Сол үшін қосымша бюджеттік қаржыландыру ізделуде. Бұл жайында астаналық мәслихаттағы қоғамдық тыңдау кезінде талқыланды.
Мәслихатта Нұр-Сұлтан жолдарындағы қауіпсіздік проблемасын депутат Мирас Шекенов көтерген. Ол Ұлы Дала, Бөкейхан секілді кең көшелерді бағдаршамдармен жабдықтаудың қашанға жоспарланып отырғанын сұрастырды. Бұған жауап берген басқарма басшысы Асхат Қарағойшин жалпы алғанда, қалада қазір бағдаршамдар орнатуды қажет ететін 39 мекенжай барлығын жеткізді.
"Бұған 1 миллиард 400 миллион теңге қажет. Егер осы ақша бөлінсе, онда мәселе күн тәртібінен алып тасталады. Бюджет жақында нақтыланады, біз тиісті бюджеттік өтінімімізді тапсырып та қойдық", – деді ол.
Асхат Қарағойшиннің айтуынша, егер қаражат қазір бөлінбесе, онда жобалу-сметалық құжаттама әзірлеуге тура келеді, онда жоба 2 миллиард теңгеге дейін қымбаттайды.
Сондықтан мәселе қауіпсіздік жайында болып отырғандықтан, елордалық мәслихат депутаттары дабылдық бастырмалары бар 39 бағдаршамды орнату туралы басқарма өтінішін алдағы бюджеттік нақтылау кезінде қолдауға ұйғарды.
Депутат Аман Аюпов Пушкин көшесінде, "Шығыс" құрылыс базары жанында тағы бір бағдаршам қоюды осы тізімге қосуды өтінді. Әйтпесе, таяудағы бағдаршам 800 метр қашықтықта орналасқан көрінеді.
Жанат Ардақ