Нұр-Сұлтанда Бахрейн Корольдігімен бірлесіп салынған мектеп-гимназия ашылды

1176

Нұр-Сұлтанда Бахрейн Корольдігімен бірлесіп салынған №91 мектеп-гимназиясының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда Бахрейн Корольдігімен бірлесіп салынған мектеп-гимназия ашылды

Жаңа мектеп ғимаратында 62 кабинет және 11 зертхана, еңбек кабинеттері, қыш шеберханасы, 418 орындық асхана, спорт және акт залдары, коворкинг аймағы, лингвистикалық кабинеттер және т.б. бар.

Мектептің оқу тілі – қазақ және орыс. Оқу орны көптілділік принципі бойынша жұмыс істейді. Мұнда негізгі оқыту тілдерінен бөлек араб, француз және неміс тілдері де оқытылады.

Ғимараттың үшінші қабатында 5 елдің – Қазақстан, Бахрейн Корольдігі, Ұлыбритания, Франция, Германия мәдениетін дәріптейтін мектеп мұражайы орналасқан. Осы мұражайда балалар көптілділік дағдыларын дамытады, полиглоттар клубы жұмыс істейді.

Сонымен қатар мектеп кітапханасында 5 елдің көркем әдебиетін табуға болады.

"Оқушыларымыздың араб, ағылшын, неміс, француз сияқты шет тілдерін қосымша оқуына мүмкіндігі бар. Біздің көптілділік тұжырымдамамыздың негізінде мектептің дизайны да рәсімделген. Бірінші қабат Қазақ хандығы стилінде безендірілген, екінші қабат – Бахрейн Корольдігі, үшінші қабат – француз тілі, төртінші қабат – неміс тілі. Мақсатымыз – балалардың толерантты болуы және шетелде оқу мүмкіндігіне ие болуы, сол сияқты басқа елдердің мәдениетіне деген сүйіспеншілігін дамыту. Бірақ өскелең ұрпақтың өз елінің патриоты болуына баса көңіл бөлінеді. Мектеп оқу үрдісіне қажетті барлық заттармен толық жабдықталған, ұлдар мен қыздарға арналған көркем еңбек кабинеттері бар. Оның ішінде – тігін шеберханасы, аспаздық дағдыларды игеруге арналған ас үй, станоктары бар металл және ағаш өңдеу шеберханасы, қыш және т.б. бар", – деп хабарлады №91 мектеп-гимназиясы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Ахметова.

Қазір мектепте 1 370 бала оқиды. Оқыту – тегін.

2021 жылы Нұр-Сұлтанда барлығы 15 мектеп пайдалануға беріледі, бұл 40 мыңнан астам оқушы орнын құрайды. Олардың көпшілігі ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу