Нұр-Сұлтанда бала көтергісі келетін дәрігерлер вакцинадан бас тартқан

1035

Медицина мамандарының арасында да екпе алғысы келмейтіндер бар.

Нұр-Сұлтанда бала көтергісі келетін дәрігерлер вакцинадан бас тартқан

Елордадағы медицина қызметкерлері вакцина алуға толық дайын емес. Қаладағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемованың айтуынша, бірнеше дәрігер түрлі себептермен вакцина алудан бас тартқан көрінеді.

"Қанша адамның бас тартқанын қазір мен сізге нақты айта алмаймын. Бірақ бұл шынымен де санаулы ғана медицина қызметкерлері. Негізінен бұл бала көтеруді жоспарлаған әйелдер. Неге екені белгісіз, олар әзірше екпе ала алмаймыз деп отыр. Сондай-ақ, онкологиялық және өзге де аурулары бар дәрігерлер бас тартты. Ішінде уақытша бас тартып отырғандар бар. Бірақ наурызда, сәуірде екпе алғылары келеді. Уақытша дегенде, өзгелердің вакцина алғанын күтпекші. Әрқайсысында жеке себептер бар", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу