Нұр-Сұлтанда балабақшалар 15 маусымда ашылмайтын болды

749

Сауда ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан ойын орталықтарын ашу да шегерілді.

Нұр-Сұлтанда балабақшалар 15 маусымда  ашылмайтын болды

Нұр-Сұлтанда Covid-19 жұқтыру қаупіне байланысты 15 маусымнан бастап кинотеатрлар, сауда ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан ойын орталықтары, балабақшалар ашылмайды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, балабақшаларда кезекші топтар ғана жұмыс істейді.

"Бір топта 15 баладан артық болмау қажет. Балабақшалар баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымға келмеген жағдайда баланың орны сақталады. Балаларды қабылдау учаскелік педиатрдан баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама болғанда ғана жүзеге асады. Баланы балабақшаға қабылдау кезінде тәрбиеші медициналық қызметкердің бақылауымен, ата-ананың қатысуымен міндетті түрде термометрия арқылы баланың температурасын өлшейді",– деп жазылған хабарламада.

"Қауіпті инфекцияға тіпті дені сау жастар да шалдықты. Сақ болу керек. Бір адамның салғырттығы басқа тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Коронавирус санаулы күндер ішінде адамның денсаулығын күрт нашарлатады, өзін – өзі емдеумен айналыспау қажет", – дейді Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Сәуле Кисикова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу