Нұр-Сұлтанда банкоматты тонамақ болғандар ұсталды

604

Олар кешке мекемеге кіріп, күзетшіні есінен тандырған. Дегенмен банкоматты кесу мүмкін болмапты.

Нұр-Сұлтанда банкоматты тонамақ болғандар ұсталды

Елорданың екі тұрғыны мен Ақмола облысының тұрғыны қала емханаларының біріндегі банкоматтан ақша ұрламақ болған. Олар кешқұрым мекемеге кіріп, күзетшіні есінен тандырған, артынша банкоматты болгаркамен кеспекке бел буады. Қаскөйлер ойлағанын жүзеге асыра алмай, із суытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметі бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. Олар 38, 34 және 29 жастағы ер адамдар болып шықты. Тергеу барысында күдіктілердің бұған дейін дүкендердің бірінен төлем терминалын ұрлап кеткені белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты соталды тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың елорда аумағында жасаған осы сияқты басқа да қылмыстарға қатыстарының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу