Нұр-Сұлтанда базарлар енді демалыс күндері де ашық болады

1149

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантин шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа қаулы бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда базарлардың жұмыс уақыты ұзарды, оның ішінде демалыс күндері де олардың қызметіне рұқсат етілді. Сондай-ақ қашықтан жұмыс істейтін мекеме қызметкерлерінің саны 50%-ға дейін қысқартылды.

Нұр-Сұлтанда базарлар енді демалыс күндері де ашық болады

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы елорданың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Бейсенованың қаулысы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайты.

"Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру", - деп жазылған жаңа қаулыда.

Сол сияқты өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру міндеті де тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу