Нұр-Сұлтанда биіктігі 7 метр қолдан тоқылған эко-шырша жасалды

1023

Ақмешіт көшесінің қасындағы Нұржол желекжолында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және АҚШ тұрғындары да үлес қосқан эко-шырша пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайты.  

Нұр-Сұлтанда биіктігі 7 метр қолдан тоқылған эко-шырша жасалды

Жасыл түсті эко-шырша толығымен қолмен байланған. Оны құруға 300-ге жуық адам қатысты, олар соңғы бірнеше күнде мастер-кластарда тоқуды үйренді. Айтпақшы, жобаны халықаралық деп атауға болады. Қазақстандықтардан бөлек оған Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және тіпті АҚШ тұрғындары да қатысты.

Тоқылған сұлулықтың биіктігі логотиппен бірге 7 метр. Ол 170 мыңға жуықт ілмектерден тұрады. Шыршаны тоқушылар оның өзіне және ойыншықтар жасау үшін 400-ден астам иірілген жіп қолданды.

Эко-шыршаның авторы және идеялық шабыттандырушысы - әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мукушева және Bergen әлеуметтік шеберханасы. Жобаны Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және елорданың мәдениет басқармасы жанындағы креативті индустрияларды дамыту орталығы қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу