Нұр-Сұлтанда бір күнде карантин талаптарын бұзған сегіз мекеме жауапқа тартылды

625

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын олар қаланың 100-ден астам мекемесі мен сауда нысандарында шектеу шараларының сақталуын тексереді, ондаған карантин бұзушылықты анықтайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда бір күнде карантин талаптарын бұзған сегіз мекеме жауапқа тартылды

Мәселен, өткен тәулікте 8 кәсіпкерлік нысанының карантин талаптарын бұзғаны анықталды.

Есіл ауданында "Chechil Pub" барында, "Чир-Chic", "Veranda" мейрамханаларында жұмыс тәртібі сақталмаған. Сондай-ақ, "Аlanya" караоке-мейрамханасы есіктерін жауып жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданында карантин талаптарын бұзғандар тізімінде "K-RIMA" дәмді палау орталығы, "Пей здесь" лаундж-бары бар.

Белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан "Еда мира" кафесіне, "Пар house", "Parilkino" сауналарында келушілерді қабылдаған.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын қалада КВИ ауруының 1300-ден астам жаңа жағдайы анықталып жатыр, аурудың орташа және ауыр ағымы бар 300-ге жуық пациент инфекциялық стационарларға түсуде. Осыған байланысты мамандар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарын санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Айта кету керек, инфекцияның өсуін тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі – екпе егу арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Ол үшін вакцинаны халықтың 60%-дан астамы алуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу