Нұр-Сұлтанда бір отбасының барлық мүшесі коронавирус жұқтырды

624

Ең кішісі – бір айлық сәби.

Нұр-Сұлтанда бір отбасының барлық мүшесі коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтанда карантин режимінің талаптарына немқұрайлы қарағандықтан, бір отбасының барлық мүшесі: ерлі-зайыптылар, бір айлық және 5 жастағы екі бала, екі егде жастағы адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Барлық отбасы мүшелерінде коронавирус инфекциясы анықталды. Олар санитарлық нормаларды сақтамай, карантин режимін бұзғандарын айтты. Қазіргі таңда барлығы ем алып жатыр. Барлық тұрғындарды өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын ойлап, жағдайға немқұрайлы қарамауға шақырамыз. Карантиндік шараларды жеңілдету – үйреншікті өмірге қайта оралу емес. Санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажет. Маска киіп, қолды сабынмен мұқият жуып/антисептикпен өңдеп, бөлме ауасын желдетіп тұру қажет. Қонақ шақыруға не қонаққа баруға болмайды",– деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу