Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 36 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

731

Науқастардың 76 пайызы 50 жасқа дейінгі азаматтар.

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 36 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елорданың эпидимиологиялық ахуалына қатысты мәлімдеме жасады. 

"Қазіргі таңда қалалық ауруханаларда 1 022 науқас ем қабылдап жатыр. Соңғы ақпаратқа сәйкес, елорда да 1 287 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Науқастардың 62% – ер, 38% – әйел адам. Коронавирус жұқтырғандардың 76% –18-49 , 16% – 50-69  жас аралығындағы азаматтар.  70 жастан асқан азаматтар - 2%-ды, балалар - 6%-ды құрады. 84 науқас 18 жасқа толмаған", – деді ол. 

Басқарма басшысының баяндауынша, науқастардың 47% жазылып, екі апталық үй карантиніне жіберілген. 

"10 науқас тұрақты ауыр халде жатыр. Оның екеуі жасанды өкпе желдеткішіне қосылған. Қалған науқастардың халі қанағаттанарлық жағдайда", – деді Сәуле Қисықова.

Қанат Махамбет

Фото: labuda.blog

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу