Нұр-Сұлтанда бір түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

440

Қар қаланың барлық ауданында орналасқан 11 полигонға шығарылады. 

Нұр-Сұлтанда бір түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 12 қарашада елордада бір күн ішінде (айлық норма 28 мм болса) 7,0 мм қар түсті. Қар тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылды, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

Қаланың барлық аудандарынан 5 мың м³-тен астам қар шығарылды.

"12-13 қарашаға қараған түні жолдарды, тротуарларды, алаңдарды және қаланың басқа да қоғамдық аумақтарын тазалауға 880-нен астам арнайы техника жұмылдырылды. 12 қарашадан 13 қарашаға қараған түні 17 мың м³-тен астам қар шығарылды", – делінген хабарламада.

13 қарашада қаланы тазалау жұмыстарына 900-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Аумақтарды тазалауға 1 800-ден астам жұмысшылар қатысты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу