Нұр-Сұлтанда бір түнде жарты айдың жаңбыры жауды

762

Жиі су басатын көшелер мәселесі жазда шешілмек. 

Нұр-Сұлтанда бір түнде жарты айдың жаңбыры жауды Фото: astana.gov.kz

Қазгидрометтің мәліметінше, маусының 15-нен 16 қараған түні 22 мм жаңбыр жауған. Ал айлық мөлшер – 37 мм.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жауын шашынның салдарын ретке кетіру бойынша жасалған жұмыстар туралы баяндады. 

"Бұл айлық мөлшердің жартысынан көбі. Жауын-шашын суын сорғытуға 100-ден астам арнайы көлік жұмылдырылды, олар ассенизаторлық көліктер, мотопомпалар, судан тазарту құралдары. 150 мың текше метрден астам су сорғытылды", – деп жазылған хабарламада. 

Елордадағы ең жиі су басатын Бауыржан Момышұлы  даңғылында биыл жазда жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Мұнда нөсерлік кәріздің магистральдік коллекторы салынады. 

"Бауыржан Момышұлы даңғылы қаладағы проблемалы учаскенің бірі. Аталған учаскедегі су басу проблемасы биылғы жазда шешімін табады – көшеде нөсерлік кәріздің магистралдық коллекторының құрылысы жүргізілуде. Аталған кәріздің ұзындығы шамамен 500 метр, басы Дауылпаз көшесінен басталып, Елім-ай көшесіне дейін. Осылайша аумақта жауын-шашын кезінде су басу мәселесі толығымен шешіледі. Сондай-ақ "Жастар" шағын ауданында жеткізуші коллекторларды қайта жаңартуға байланысты тазарту қондырғыларының жұмысы жүргізілуде. "Жастар" шағын ауданындағы жаңа қондырғылардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу