Жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаланың көше-жол желісін орташа жөндеу шеңберінде Жеңіс даңғылы бойынша Кенесары көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жоспарлауда. Сондай-ақ Бұқарбай батыр көшесі бойынша Жеңіс даңғылынан Ирченко көшесіне дейінгі учаскеде жол жүру бөлігін ішінара жабу жоспарлануда. Бұл жұмыстар 15-25 мамыр аралығында жүргізіледі.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістің алдын алу үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп атап өтті көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.