Нұр-Сұлтанда биыл 12 мемлекеттік мектеп салынады

1030

Осылайша үш ауысымды және мектептерге артылған шамадан тыс жүктеме мәселесі шешілмек.

Нұр-Сұлтанда биыл 12 мемлекеттік мектеп салынады Фото: astana.gov.kz

Бахрейн елордада мектеп салуға 3,3 миллиард теңге инвестиция салды. Бұл оқу орны қазіргі уақытта 3,5 мың оқушысы бар №72 мектептегі шамадан тыс жүктеме мәселесін шешуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Оқу орны ақысыз негізде қаланың коммуналдық меншігіне беріледі. Мектепте оқу тегін болады. Құрылысты 2021 жылы аяқтау көзделген.

Елордада араб мемлекеттерінің қаржыландыруымен салынған мемлекеттік мектептер бар. Бүгінде қалада БАӘ және Катар мемлекеттерінің мектептері (№85 мектеп-лицейі 2018 оқу жылынан бастап және 2017 оқу жылынан бастап №84 мектеп-лицейі) табысты жұмыс істеп жатыр. Биыл 12 мектеп салынса, 2021 жылы тағы 12 мемлекеттік мектеп салынады.

Бірінші кезекте мектептер сұраныс көп жерлерде салынады. Осылайша үш ауысымды және мектептерге артылған шамадан тыс жүктеме мәселесі шешілмек.

Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 60 мың орындық 50 мектеп (оның ішінде 10-ын мектептердің аумағында) салу жоспарланған. Бұл екі ауысымда 120 мыңға жуық оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу