Нұр-Сұлтанда биыл 2 мың балабақшаға бейнебақылау камерасы орнатылады

1155

Бүгінге дейн 2,1 мың бейнебақылау камерасы орнатылған, олардың барлығы "iKomek" орталығының бақылауында.

Нұр-Сұлтанда биыл 2 мың балабақшаға бейнебақылау камерасы орнатылады

Елордада биылғы жылдың соңына дейін 2 мың балабақшаға бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Бүгінде қаладағы балабақшаларда 2,1 мың бейнебақылау орнатылды, олардың барлығы "iKomek" орталығының бақылауында. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балабақшаларда тағы 2 мың бейнебақылау орнату керек. Бұл жұмысты жылдың соңына дейін аяқтауымыз қажет", – деді Әнуар Жанғозин.

Білім басқармасы басшысының дерегіне сүйенсек, бүгінде қала бойынша 375 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 58 мың тәрбиеленуші білім алуда.

"Өткен жылы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту 78%-ды құраған, осы жылы 90%-ды құрап отыр. Оның ішінде 36%-ы мемлекеттік тапсырыспен білім беретін жекеменшік балабақшада тәрбиеленуде. Осы көктемде балабақшалардан 7 мың тәрбиеленуші мектепке жол тартады, тиісінше олардың орнына басқа 7 мың бала келеді. Осылайша жыл соңына дейін, елорда бүлдіршіндерін мектепке дейінгі білім берумен 100% қамтымақпыз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу