Нұр-Сұлтанда биыл 4 бала терезеден құлап кеткен

676

Елорда аумағында жыл басынан бері 4 бала терезеден құлап кеткен. Нұр-Сұлтан қаласының полициясы ата-аналарға негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда биыл 4 бала терезеден құлап кеткен

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 4 бала абайсызда терезеден құлап кеткен.

Жазатайым оқиғалардың көп бөлігі ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауына байланысты болады. Бала ересектердің көз алдынан кеткенде, терезе ашық кезде жалғыз қалғанда, құлап кету қаупі өте жоғары.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарға баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңес береді:

- егерде балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Сіз өзіңізді қасындамын деп ойлайсыз, бірақ сіздің ойыңыз бөлінген аз ғана уақыт балаңыздың өмірінде өлімге әкелуі мүмкін;
– ешқашан москит торларына сенбеңіз балалар оларға сүйеніп, онымен бірге құлап кетеді;
- балаңыз терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғау жүйелерін (бекіткіштер, бұғаттауыштар) орнатыңыз;
- баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз;

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу