Нұр-Сұлтанда биыл жазда амфитеатр ашылады

485

Амфитеатр іс-шаралар мен спектакльдер өткізуге арналған, сол сияқты жастардың талантын ашатын орындарды әрі қала тұрғындарының демалатын аумағын қамтиды. 

Нұр-Сұлтанда биыл жазда амфитеатр ашылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында Бейбітшілік және келісім сарайы жанындағы саябақта каскадты Амфитеатр салынатыны туралы мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Қаланың барлық ауданында, сол сияқты елді мекендерде қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) және аула аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргіземіз.

Биыл тартымды орындар қатары тіптен арта түседі. Қала тұрғындары мен қонақтары таза ауада, бос уақытын денсаулығына пайдалы күйде өткізе алатын 200-ден аса жайлы орын болмақ. Осыған дейін 500 аула аумағы мен қоғамдық кеңістік аббаттандырылды, олардың бәрі тартымды орындардың біріне айналды. Осылайша, елордамыз ақырындап "көлік жүргізушілер қаласынан" "жаяу жүргіншілерге арналған қалаға" айналып келеді. Каскадты амфитеатр құрылысының барысымен таныстым. Амфитеатр келесі айда ашылады. Ол Есіл өзені мен Бейбітшілік және келісім сарайының (Алматы ауданындағы Нәжімеденов көшесі тұсында) арасында орналасқан. Осылайша, жанындағы саябақты үйлесімді түрде жалғай түседі, бұл маңайда осыған дейін көпір асты кеңістігі абаттандырылған болатын", – деп жазды елорда әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу