Нұр-Сұлтанда БҚО мен Жамбыл облыстары өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

691

Келушілерге қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажет.

Нұр-Сұлтанда БҚО мен Жамбыл облыстары өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

"Хан-Шатыр" СОО жанындағы алаңда фермерлік өнімдерді екі күн бойы делдалсыз сату ұйымдастырылды. 12 және 13 қыркүйекте Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының фермерлері өз тауарларын ұсынады. Олар ет, көкөністер мен жемістер, кептірілген жемістер, кондитерлік өнімдер мен макарон өнімдерін әкелді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Өткен аптада Түркістан мен Алматы облыстары бастаған жәрмеңкені бүгін Жамбыл мен Батыс Қазақстан облыстары өз өнімін әкеліп жалғастыруда. Екі өңірден 400 тоннадан астам өнім әкелінді. Бағалар шамамен нарықтан 15-20% -ке төмен.

Жәрмеңкеге келушілер санитария-гигиена талаптарын қатаң сақтауы қажет: маска тағып, арақашықтық сақтап, антисептиктерді қолдану қажет.
Жәрмеңке аумағында санитария нормаларын сақтау туралы  белгілер орнатылып, адам санын шектеу үшін кіру және шығу бөлек жасалған.
Айта кету керек, ауыл шаруашылық жәрмеңкелері әр аптаның соңында өтеді",- деп жазды Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында.

Жәрмеңкеде 12 және 13 қыркүйекте 320 млн теңгеден астам сомаға өнім сату жоспарлануда.

Фото: Александр Куприенко

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу