Бүгін Қарағанды тас жолындағы "Жібек жолы" блокбекетінде Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов вируспен күресуде алдынғы шепте болып, оның таралуына жол бермеу үшін белсенді жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен волонтерлерді марапаттады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Дәрігерлер, еріктілер мен полицейлер ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев, елорда әкімі Алтай Көлгінов және Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтың атынан грамота және алғыс хаттармен марапатталды.
"Дәрігерлер, полицейлер мен волонтерлер бірігіп, індетті жеңіп және тезірек үйреншікті өмірімізге оралуға көмектесті. Полицейлер мен еріктілерге ерен еңбегі үшін алғыс айтамыз. Біздің азаматтарымыздың денсаулығы сіздердің жұмыстарыңызға байланысты болды. Сіздер нағыз жанашырлық пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болдыңыздар", –деді Ержан Сәденов.