Нұр-Сұлтанда брейк-данстен Қазақстан чемпионаты өтеді

857

ХОК брейк-дансты ресми спорт түрі деп танып, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының жарыс бағдарламасына қосты.

Нұр-Сұлтанда брейк-данстен Қазақстан чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтанда хип-хоп мәдениетіндегі маңызды оқиғалардың бірі орын алмақ. Ел астанасында брейк-данстен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Турнир еліміздегі жастар жылына арналған "Спорт және би" фестивалі аясында ұйымдастырылмақ. Жарысқа төрешілік етуге брейк-дансинг қайраткерлерінің бірі, франциялық Буба шақырылып отыр. 

Брейк-данс – көше би өнерінің бір түрі. Халықаралық Олимпиада комитеті брейк-дансты ресми спорт түрі деп танып, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының жарыс бағдарламасына уақытша қосты. Қазақстан чемпионаты 29 маусым күні 18:00-де Назарбаев Университетінің атлетикалық орталығында басталады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу