Нұр-Сұлтанда "Бұрқасын – 2020" XX мерейтойлық қысқы фестивалі өтеді

1136

Аталмыш іс-шара спорттың 8 түрі бойынша ұйымдастырылады.

Нұр-Сұлтанда "Бұрқасын – 2020" XX мерейтойлық қысқы фестивалі өтеді

22 ақпанда елордада жыл сайынғы "Бұрқасын – 2020" XX мерейтойлық қысқы фестивалі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш іс-шара спорттың 8 түрі бойынша ұйымдастырылады: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, шайбалы хоккей, белбеу күресі, қысқы шағын футбол, арқан тартыс және мотоспорт.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр топтағы жеңімпаздар дистанцияны бағындыруға жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталады. Жарыс нәтижесі бойынша 1, 2, 3-орын алған жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тіркеуден өту кезінде жеке басын куәландыратын құжат қажет. Сонымен қатар, жарысқа қатысушылардың жеке спорттық құрал-жабдықтары болуға тиіс. Болмаған жағдайда аумақта шаңғыларды жалға беру орындары жұмыс істейді, бірақ олардың саны шектеулі.

Фестиваль сағат 11:00-де шаңғы трассасында (Astana Park Hotel) басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу