Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтырған бір науқастың жағдайы ауыр

1192

Ол коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған адам ретінде тексеруге алынған еді. 

Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтырған бір науқастың жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус инфекциясымен тіркелген соңғы үш науқас туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бір науқас 21 наурыз күні кешке анықталды. Ол коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған адам ретінде тексеруге алынған еді. "22 наурыз күні тағы екі жағдай тіркелді. Оның біреуі - өкпе қабынуы күдігімен стационардағы бокста жатқан. Диагностикалау кезінде коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі уақытта оның дене қызуы жоқ, бірақ жағдайы ауыр. Екі жақты пневмония, 1-деңгейдегі тыныс жетіпеушілігі бар. Пәнаралық топ консилиумы тағайындады", – деді басқарма басшысы.

"Қалған 30 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы шекті межеде. Коронавирустық инфекция бойынша хаттамаға сәйкес ем-дом алып жатыр", – деді С. Қисықова.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 56 науқас тіркелді. Нұрсұлтан қаласында 31 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Алматы қаласында - 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында 1 адам. Бұған дейін басқарма басшысы елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға келген 600-ге жуық жолаушының тексеріліп жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу