Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмек қоры екі айға жетеді

644

Медициналық препараттар мәселесінің шешілуіне мониторингтік топтар әсер етті. "Астана - адалдық алаңы" жобасының биылғы жұмысын қорытындылаған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ақпараттық ағарту штабының мүшесі Шыңғысхан Қожахметов осылай деп мәлімдеді. 

Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмек қоры екі айға жетеді

"Індеттің алғашқы толқыны кезінде біздің жұмыс тобымыз дәрі-дәрмек жетіспеушілігіне байланысты 119 дәріханаға мониторинг жүргізді. Осылайша шілде, тамыз айларында жалпы сомасы 2 млн 180 мың теңгеге 13 хаттама толтырылды. Бұл жұмыстарға фрамацевтикалық бақылау бойынша арнайы мамандарды тарттық. Бұған қоса, "СК-Фармация" жұмысын қадағалап, жаңа басшылығымен келісімге келдік. Бұл бүгінде екі айға жеткілікті дәрі-дәрмек қорын қалыптастыруға мүмкіндік берді", – деді спикер. 

Сондай-ақ, Шыңғысхан Қожахметов қоймаларда бұрыннан тұрған препараттардың барлығы медициналық мекемелерге үлестірілгенін жеткізді. 

"Бұл медициналық мекемелерде дәрі қорын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар "СК-Фармация" қоймаларында қосымша дәрі-дәрмек қабылдау мүмкіндігі туады", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу