Нұр-Сұлтанда дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектер жетіспейді

1111

Мемлекеттік агенттіктің дәрі-дәрмектерді халыққа қанша мөлшерде таратуға болатындығы туралы меморандумға қол қоюға шешім қабылданды.

Нұр-Сұлтанда дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектер жетіспейді

Елордада кейбір дәрі-дәрмектердің тапшылығы байқалады. Бұл туралы "Нұр-Сұлтан қаласының фармацевтикалық ассоциациясы" заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестігі директоры Гүлнарай Алмурзина айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Өткен аптадан бастап қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттар, азитромицин антибиотиктерін сатып алды. Біз анализ жүргізіп, дәрі-дәрмектердің 41 атауы көрсетілген кесте құрдық. Мемлекеттік агенттіктің дәрі-дәрмектерді халыққа қанша мөлшерде таратуға болатындығы туралы меморандумға қол қоюға шешім қабылданды. Ал антибиотиктер мен рецепт бойынша дәрі-дәрмектер, бұрынғыдай, дәрігердің нұсқауымен ғана жіберіледі", – деді Г.Алмурзина.

Сонымен бірге, ол дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін ескере отырып, олардың балама нұсқалары барына назар аударды: "Панадол", "Эфералган", "Ибупрофен", "Ибуфен", "Миг", "Новиган". Аталған препараттар дәріханаларда бар.

Елордада 24 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырудың 3484 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2 501 науқас (69%) емделіп шықты, 38 өлім жағдайы (1,1%) тіркелді.

Күнделікті пневмониямен ауруханаға түсетін науқастардың саны артты, олардың әр екіншісі диагнозы – вирустық пневмония.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу