banner

Нұр-Сұлтанда Денис Тенді еске алуға арналған мұзды шоу өтті

1045

"Денистің достары" деп аталатын бағдарламаға мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары қатысты.  

Нұр-Сұлтанда Денис Тенді еске алуға арналған мұзды шоу өтті

Нұр-Сұлтандағы "Барыс-Аренада" мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған мұзды шоу өтті. "Денистің достары" деп аталатын бағдарламаға мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары қатысты деп жазады Olympic.kz.

Қазақстанда мұндай шоу өткізу туралы идеяны Сочи Олимпиадасының жүлдегері Денистің өзі ойлап тапқан болатын. Алғаш рет Денис мұндай керемет шоуды 2013 жылы өткізді. Содан бері отандық жанкүйерлер бес рет әлемдік жұлдыздардың өнерін тамашалады. "Денис және оның достары" бағдарламасы қазақстандықтардың ғана емес, шетелдіктердің де қызығушылығын тудырды. Мұндағы көріністерге куә болу үшін әлемнің көптеген елдерінен туристер жиналған болатын. Шоу қатысушылары ұйымдастырылу тұрғысынан "Денис және оның достарына" тең келер жоба жоқ екенін айтты. 

Биыл Денистің рухына арналған шоу-бағдарламаға спортшының көзі тірісінде араласқан достары тағы жиналды. Олардың арасында Татьяна Волосажар мен Максим Траньков, Кейтлин Уивер мен Эндрю Поже, Джереми Эбботт, Екатерина Гордеева және тағы басқалары бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу