Нұр-Сұлтанда егде жастағы адамдарға дәрі-дәрмек үйлеріне жеткізілуде

1094

Қоғамдық орындарға бару қауіпті саналған уақытта қажетті дәрі-дәрмек көлемін үйге жеткізу қызметін іске қосқаны үшін елордалық зейнеткерлер қала әкімдігіне алғыстарын білдірді.

Нұр-Сұлтанда егде жастағы адамдарға дәрі-дәрмек үйлеріне жеткізілуде

Диспансерлік есепте тұрған егде жастағы азаматтарға 25 наурыздан бастап қажетті дәрі-дәрмек өнімдері үйлеріне жеткізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәрігерлердің айтуынша, таратылған дәрілік өнімдердің басым бөлігі қант диабеті, артериялық қан қысымы мен ишемиялық жүрек ауруларына арналған.

Дәрі-дәрмектерді астаналық медицина мамандары мен волонтерлер жеткізуде.

"Біз бүгін дәрі-дәрмекті қажет ететін пациенттерге дәрілік препараттарды тарататын боламыз. Бізге елордалық вонтерлер мен медбикелер көмектеседі. Бұл шара олардың емхана келмей, үйден көмек алуына мүмкіндік жасау. Біздің емханада 6 мың адам – егде жастағы азаматтар. Карантин кезінде пациенттің дер кезінде дәріні алуы өзекті мәселе боп саналады", – деді №10 емханасының терапия бөлімінің меңгерушісі Гүлназ Бекенова.

Қоғамдық орындарға бару қауіпті саналған уақытта қажетті дәрі-дәрмек көлемін үйге жеткізу қызметін іске қосқаны үшін елордалық зейнеткерлер қала әкімдігіне алғыстарын білдірді.

Дәрі-дәрмекті үйге алу үшін егде жастағы азаматтар өтінім жолдауы қажет. Өтінімде тұрғынның аты-жөні, ЖСН, мекен-жайы, байланыс нөмірі, дәрілердің тізімі, қалалық емхананың нөмірі мен дәрігердің деректері көрсетілуге тиіс.

Өтінімді келесі тетіктер арқылы жолдауға болады:  iKomek орталығының 109 нөмірі бойынша; iKomek орталығының 109 мобильді қосымшасы арқылы; Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot) арқылы; Smart Astana, aitu.city порталы арқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу