Нұр-Сұлтанда екі адам өрттен көз жұмды

3256

Жыл басынан бері 18 адам өрттен ажал тапқан.

Нұр-Сұлтанда екі адам өрттен көз жұмды

Аяз қысқан сайын ел астанасында өрт фактілері жиілеп кетті. Осыған байланысты қаланың өрт қауіпсіздігіне жауапты мамандар БАҚ өкілдері арқылы жұртты сақ болуға үндеп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлының айтуынша, тіркеліп жатқан  өрттің көбі жер үйдегі пештер мен электр пештерінен тұтанатын көрінеді.

"Жалпы статистикалық мәліметтерге келетін болсақ, биылғы жылдың басынан бері қала аумағында 500-ден астам өрт фактісі тіркелді. Өрт салдарынан 18 адам көз жұмып, 43 адам жарақаттанды. Өрттердің басым бөлігі жеке тұрғын үй секторына тиесілі. Оған себеп – жылыту маусымы. Жалпы желтоқсан айындағы статистикаға сүйенсек, өрттер санының өсу үрдісі байқалады. Оған бірден-бір себеп – жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау", - деген Еркін Отарғалымұлы кешегі бір күннің өзінде екі адам өрттен көз жұмғанын айтты.

Оның айтуынша, екі оқиға да көпқабатты үйде болған. Оның бірінде марқұмның үй ішінде шылым шегуі қайғылы жайтқа әкеп соқтырған. Ал екінші өртке тұрғынның шам жағып ұйықтауы себеп болған.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу