Нұр-Сұлтанда екі жолаушылар автобусы соқтығысты

1349

Екі адам көз жұмып, 20 жолаушы зардап шеккен.

Нұр-Сұлтанда екі жолаушылар автобусы соқтығысты

Нұр-Сұлтанда Ұлы-дала және Қабанбай батыр көшесінің қиылысында екі жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Atameken Business-тің журналисі хабарлады.

Алдын ала белгілі болғандай, екі адам көз жұмған, 20 жолаушы зардап шеккен

Оқиға орнына құтқарушылар жетті. Олар автобус салонында қысылып қалған жолаушыларды шығарып алуға тырысуда. Жедел жәрдем де шақырылған.

Жағдайдың анық-қанығы кейінірек белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу