Нұр-Сұлтанда экономикалық тергеу департаментінің қызметкеріне іздеу жарияланды

3408

Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Нұр-Сұлтанда экономикалық тергеу департаментінің қызметкеріне іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі тергеуші Дастан Қайырбековке мемлекетаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында Дастанбек Қайырбековтың тергеуден жасырынғаны туралы ақпарат жарияланған.

"Ол Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша ("билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану") қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Дастанбек Қайырбековке қатысты қандай да бір ақпарат белгілі болса немесе оның қайда екеніне қатысты мәлімет болса +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 агенттіктің сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуды сұраймыз", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Қаржы мониторингі агенттігі тергеушінің қайда жүргеніне қатысты сенімді ақпарат болса, ақшалай сыйақы берілетінін, әрі анонимділік сақталатынын атап өтті.

Сондай-ақ журналист Михаил Козаков Telegram-дағы жеке каналында агенттік Нұр-Сұлтан қаласы экономикалық тергеу департаментінің тергеушісін іздеп жатқанын хабарлады.

"22 қыркүйекте экономикалық тергеу департаментінің басшысы Жанболат Қожабаев жұмыстан босатылған күні тергеуші Дастан Қайырбековтің үстінен қылмыстық іс қозғалды.... Менің білуімше, тергеуші заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдіктілерді жауапкершіліктен босатуға тырысқан, яғни ол қылмысты істің жүргізілуіне кедергі жасаған", - деп жазды журналист.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу