Нұр-Сұлтанда жыл сайын өтетін "Елорда жастары 2019" байқауының 15 номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
"Ғылым" номинациясы бойынша Ерсаханов Қуаныш, "Заманауи шығармашылық және өнер" – Тоқтасынова Ақбота, "Журналистика" – Данияр Риза, "Қоғамдық қызмет" – Абдурашитов Асылбек", Спорт" – Мусаифов Мадияр, "Кино және театр" – Самат Әзімқұлов, "Эстрада" – Мирас Жүгінісов, "Әлеуметтік саланың үздік қызметкері" – Жүнісәлиевтар отбасы , "Өндірістің үздік қызметкері" – Отарова Сабина, "Жас кәсіпкер" – Бапанова Айгерим, "Жыл еріктісі" – Мұрат Мирас, "Жыл студенті" – Орал Абдрауф, "Үздік мемлекеттік қызметші" – Ерманова Таңшолпан, "Үздік жастар театры" номинациясын Шаңырақ театры иеленді.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және атаулы кубоктармен марапатталды.