Нұр-Сұлтанда ер адам микроқаржылық ұйымды тонамақ болған

673

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.  

Нұр-Сұлтанда ер адам микроқаржылық ұйымды тонамақ болған

Елорадада микроқаржылық ұйымды тонамақ болған 34 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті маска тағып, микроқаржылық ұйымға келген. Ол кеңседе тек кассир барын көріп, одан ақша талап еткен. Кейін оны тұншықтырмақ болыпты. Алайда қыз дабыл батырмасын басып үлгерген. 

"Ер адам қылмыс жасағаннан кейін аялдамаға барып, автобусқа отырған. Ол қоғамдық көлікте QR-code арқылы төлем жасаған. Осылайша мамандар оның кім екенін анықтады", – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы "Тонау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің бұрын жасалған қылмыстырға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу