Нұр-Сұлтанда еріктілер акциялар өткізуге кірісті

851

Жастар әдеттегідей зейнеткерлер мен жалғызбасты қала тұрғындарына қар тазалауға көмек көрсетуде.

Нұр-Сұлтанда еріктілер акциялар өткізуге кірісті

"Астана жастары" жастар ресурстық орталығының волонтерлері қала тұрғындары үшін "Қамқорлық мекенжайлары" және "Birgemiz" акцияларын өткізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Бұл акцияны біз тұрақты түрде өткіземіз. Жыл бойы ҰОС мен тыл ардагерлері, жалғыз басты зейнеткерлер үшін 145 азық-түлік себетін үлестіруді жоспарлап отырмыз. Бүгін біз 10 көмекке мұқтаж тұрғынға бардық. Осындай шаралардың арқасында елордалық жастар қаланың әлеуметтік өміріне белсенді қатысып, бойындағы мейірімділік, адамгершілік қасиеттерімен бөліседі", – деп атап өтті "Астана жастары" КММ волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова.

Жастар әдеттегідей зейнеткерлер мен жалғызбасты қала тұрғындарына қар тазалауға көмек көрсетуде.

"Мен "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының волонтерімін. Көптеген қалалық әлеуметтік-маңызды жобалар мен іс-шараларға қатысамын. Кез келген адам мұқтаж адамдарға көмек көрсете отырып, әлемді жақсырақ етеді деп сенемін", – деп есептейді Әділет Байбосынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу