Нұр-Сұлтанда ескі апаттық үйлерді бұзу жұмыстары басталды

928

Бұл үйлердің пайдалануға берілгеніне 70 жылдың жүзі болған. 

Нұр-Сұлтанда ескі апаттық үйлерді бұзу жұмыстары басталды Фото: almaty.gov.kz

Биыл 800-ден астам отбасы жаңа және қауіпсіз үйге көшіріледі. Жыл соңына дейін сүрілетін үйлердің қатарында 1930 жылы салынған баспаналар бар. Бұдан бөлек 2020 жылы ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделіп, 100-ден астам жеделсатыға жөндеу және ауыстыру жүргізіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңғырту бағдарламасы – ол қайтарылатын қаржы. Мемлекет күрделі жөндеуге қаржы бөледі, кейін ол 15 жыл мерзімге дейін тұрғындардың арасында бөлінеді. Өткен жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 8 апатты үйдің тұрғындары көшіріліп, 90-нан астам отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Сонымен бірге үйлері мұнай базасына жақын орналасқан 39 разъездің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу